17:51, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Ұлттық kz доменін qz-ге өзгерту ұсынылды
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы президенті, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Исин ұлттық kz доменін qz-ге өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық домен «к» әрпімен басталады. Оны жаңа әліпбиге сәйкес латынның басқа әрпі «q»-ге өзгерту керек. Бұл мәселені дер уақытында, әріп жоғалып кетпей тұрған кезде, мүмкіндік барда шешкен жөн. Ол үшін бұл бағытқа жауапты мемлекеттік органдардың атынан ICANN-ға сұраныс жіберу қажет. Яғни, ұлттық домен үшін аталған доменді дер уақытында алып қалу керек», - деді ол ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.
Өз кезегінде кеңес төрағасы Қуаныш Сұлтанов оны қолдап, алдағы уақытта өтетін қоғамдық кеңес отырыстарында тыңғылықты талқылауды ұсынды