Ұлттық лигадағы алматылық волейболшы қыздар бүгін жартылай финалдағы үшінші ойынын өткізеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін алматылық волейболшы қыздар Қазақстан чемпионатының Ұлттық лига командаларының арасында Талдықорғанда өтіп жатқан «Плей-офф» кезеңіндегі жартылай финалдағы соңғы ойынын өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәуірдің 11-і күні жалауын көтерген бұл бәсекеде жартылай финалда Талдықорғаның «Жетісуы» мен Астана қаласының «Астана қанаты», ал Алматының «Алматысы» мен Ақсудың «Ертіс-Қазхром» командасы кездескен болатын. Алаң иелері астаналықтардан 3:1 және 3:0 есебімен екі ойында да басым түсті. Алматылықтар ақсулықтармен 1:3, 3:1 есебімен тең түскендіктен, бүгін үшінші кездесуін өткізбек. Бұл ойынның жеңімпазы сәуірдің 15-16 күндері бірінші орын үшін талдықорғандықтармен сайысқа түседі. Ал жеңіліс тапқаны астаналықтармен 3-ші орынға таласпақ.