Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы бәсекеде «Алматы» мен «Тараз» баскетбол клубтары кездеседі

АЛМАТЫ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін «Достық» спорт кешенінде «Алматы» баскетбол клубы өз алаңында Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатыны аясында «Тараз» командасымен кездеседі.
None
None

 Аға бапкер Оксана Антипова мен Оксана Бекбулатова жаттықтыратын алматылықтар намысын 12 спортшы қорғамақ. Олардың ең үлкені 1974 жылғы Анна Кучерявых, ең жасы 1994 жылғы Людмила Бобрышева мен Ангелина Михайлова. Құрамада олардан бөлек Надежда Дмитриева (1978 ж.) Станислава Федотова (1987 ж.), Виктория Шишкалова, Екатерина Пивненко (1988 ж.), Алена Лукьянова, Анастасия Карясова, Екатерина Мезенцева, Юлия Ударцева (1990 ж.) мен Айна Гокова (1992) бар.

Қазір ел чемпионатында «Алматы» мен «Тараз» 4-5 орында келе жатыр. Үздік үштікке «Жолбарыстар», «Ертіс» және «Оқжетпес» командалары еніп отыр. Бұған дейін тараздықтар 18 ойында да жеңіліс тапса, алматылықтар 6 ойынды өз пайдасына шешіп, 14 кездесуде қарсыластарына есе жіберген болатын. Ал «Жолбарыстар» 19 ойында басымдық танытып, 3 ойында ғана жеңілістің ащы дәмін татты.

Соңғы жаңалықтар