Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 2-ші турында жеңіліссіз келе жатқан атыраулықтар алматылықтарға есе жіберді

АЛМАТЫ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Кеше Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында өтіп жатқан ХХІ Қазақстан чемпионатының 2-ші турында
None
None

алматылықтар көш бастап келе жатқан атыраулықтармен арадағы ұпай айырмасын 1-ге дейін қысқартты. Атыраулықтардан бір ойын кем алматылықтардың енді оларды қуып жетіп, басып озуға мүмкіндігі толық жетеді. Алматылықтардың алда әлі үш кездесуі болса, атыраулықтардың екі ойыны ғана қалды. 

Бүгін барлық командалар бір күн тынығып,  ертең жарысты қайта жалғастырады. Онда алматылықтар қызылжарлықтармен («Есіл»), атыраулықтар хромтаулықтармен («ТНК Қазхром»), оралдықтар («Конденсат») алаң қожайындарымен кездеседі. Бұған дейін хромтаулықтар алматылықтарды 3:2, ал  атыраулықтар қызылжарлықтарды 3:1 есебімен ұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар