Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында алматылық волейболшылар ел чемпионатының 2-турында көшбасшылықты сақтап келе жатыр

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қызылжарда волейболдан ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 2-туры өтіп жатыр.
None
None

Алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша қазір алматылықтар жеңіліссіз келе жатыр. Олар "Атырауды" 3:0, "ТНК Қазхромды" (Хромтау) 3:2, "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысты" (Өскемен) 3:1 есебімен ұтты. Алматылықтардың келесі қарсыласы "Есіл" (Қызылжар) мен "Конденсат" (Орал) командалары. Бұған дейін оралдық қызылжарлықтарды 3:2, өскемендіктерді 3:1 есебімен ұтып, хромтаулықтарға 3:0 есебімен есе жіберді. Ал қызылжарлықтар атыраулықтарды қапы қалдырғанмен ( 3:2), өскемендіктердің ( 1:3) басымдығын мойындаған болатын.

Жалпы ел чемпионатының алғашқы туры 19-24 желтоқсанда Хромтауда болды. Онда жарыс қожайындары алматылықтардан 1 ұпайға қалып қойып, 9 ұпаймен екінші орын алған болатын. Онда өскемендіктер - 8, қызылжарлықтар - 7, оралдықтар-6, атыраулықтар - 5 ұпай олжалады.

Соңғы жаңалықтар