Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында волейболдан ҚР чемпионаты басталды

«Атырау», «Динамо-Қазығұрт», «Есіл» және «ТНК Қазхром» кірген «А» тобындағы матчтар Петропавалда өтуде. Ойындар 2015 жылғы Қазақстан кубогының иегері «Атырау» мен шымкенттік «Динамо-Қазығұрт» арасындағы матчпен басталды. Оңтүстіктік волейболшылар тартысты сайыста Атырау командасынан жеңісті жұлып әкетті - 3:2. Екінші ойында Ұлттық лиганың дебютанты және алаң иесі «Есіл» 3:1 есебімен хромтаулық «ТНК Қазхромды» ұтып кетті.
«Б» тобындағы матчтар Павлодарда өтуде, мұнда «Тараз», «Павлодар», «Алтай» және «Алматы» командалары сайысқа түсті. Алғашқы күні павлодарлықтардың 3:1 есебімен «Алматыдан» мерейі үстем болды, ал Қазақстанның қазіргі чемпионы «Тараз» өскемендік «Алтайдан» 3:0 есебімен басым түсті.
Кіші турдың матчтары 18 қазанда аяқталады, деп хабарлады sports.kz.
16 қазандағы матчтар нәтижелері:
«А» тобы. Петропавл, С/К «Жеңіс» СК. «Атырау» - «Динамо-Қазығұрт» 3:2 (25:19, 29:31, 25:23, 21:25, 15:9) «ТНК Қазхром» - «Есіл» 1:3 (17:25, 25:21, 18:25, 19:25) «Б» тобы. Павлодар, С/К «Баянтау» СК «Тараз» - «Алтай» 3:0 (25:17, 25:21, 25:20) «Павлодар» - «Алматы» 3:1 (25:22, 23:25, 25:22, 25:20).