Ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдеріне қазақ тілін үйрететін жазғы мектеп ашылады

АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 15 шілдеден бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін қазақ тілін үйренудің бір айлық жазғы мектебі өз жұмысын бастайды.
None
None

Оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Демократияны тарату орталығы ұйымдастырып отыр.

«Біз бұған дейін Халықаралық бизнес академиясымен бірлесіп этнолагерь ұйымдастырдық. Бұл жобаны енді министрліктің қолдауымен жүзеге асырмақпыз. Алматыдағы бұл тіл үйрену мектебінің жұмысы қатысушылардың деңгейіне қарай анықталады. Егер жаңадан үйренушілер болса бастауыш, ал дайындығы болса орта немесе жоғары деңгейде өткізіледі», - дейді Демократияны тарату орталығының жетекшісі Дос Көшім. Оның айтуынша, орталық орыс тілді аудиторияға мемлекеттік тілді насихаттау жұмысын 3 жылдан бері жүргізіп келеді. Егер бұл жоба сәтті жүзеге асырылатын болса ол алдағы уақытта жүйелі түрде жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум