19:30, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
«Ұлттық Медиа Тобы» медиахолдингі Бірінші арнаның 25% акциясын сатып алды
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - «Ұлттық Медиа Тобы» Бірінші арнаның 25% акциясына иелік ететін «РастрКом - 2002» компаниясының 100% жарғылық капиталын сатып алу келісімінің аяқталғанын хабарлады.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы «Ұлттық Медиа Тобы» хабарламасында көрсетілген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Ұлттық Медиа Тобы» 2008 жылдың ақпан айында Алексей Мордашевтың «АБ «РОССИЯ», «Сургутнефтегаз» және «Согаз» сақтандыру тобының медиа активтерін біріктіру арқылы құрылды.
Қазіргі таңда, «Ұлттық Медиа Тобы» ресейлік медиа нарығының белгілі ойыншыларын біріктіретін Ресейдің ірі жеке медиахолдингі болып саналады. Холдинг құрамына Бірінші арна, РЕН ТВ медиахолдингі, «Петербург - Бесінші арна», «Известия» газеті кіреді.