Ұлттық медицина қауымдастығы Түркістанда қайтыс болған дәрігерлердің есімдерін олар жұмыс істеген ауруханаларға беру жөнінде бастама көтерді
Бүгін Денсаулық сақтау ісін дамытудың «Салауатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын тақлылауға арналған Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде аталмыш қауымдастықтың президенті Айжан Сағындықова осындай бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен аптада Түркістан қаласында конго-қырым қанды безгегі инфекциясын жұқтырған әйелдің өмірін сақтауға тырысқан дәрігерлерге қатысты сот ісі аяқталды. Өздерінің кәсіби міндетін орындау кезінде үш дәрігер көз жұмды. Олар ауырған әйелден конго-қырым қанды безгегінің өткір инфекциясын жұқтырды. Әлемде бұл ауруды емдеудің әлі ешқандай жолы табылған жоқ. Алайда, қазақстандық дәрігерлер пациентті құтқара алмағандары үшін жауапкершілікке тартылды. Сотқа рахмет, істің байыбына барды және сауатты дәрігерлер қайтадан өздерінің сүйікті істерімен айналысу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Құрметті Кәрім Қажымұқанұлы, Сізден қаза тапқан дәрігерлер жұмыс істеген ауруханаларға олардың есімін беру жөніндегі біздің бастамамызды қолдауды өтінеміз», деді А. Сағындықова Үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде.