«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы қайырымдылық акциясын өткізбекші
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы 19-20 сәуір күндері «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясымен бірлесіп, «Тексеруден өтіп, аурудың алдын ал» атты қайырымдылық акциясын өткізеді,
деп хабарлайды «Ұлттық мелициналық холдинг» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Аталмыш шараға «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы мен оның еншілес ұйымдарының тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларының өкілдері қатыса алады. Акцияның мақсаты - емдеуді қажет ететін адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау.
Осы күні таңғы 9-00-ден кешкі 17-00-ге дейін «Республикалық диагностикалық орталық» акционерлік қоғамының жетекші мамандары азаматтарды тегін қабылдайды. Сонымен қатар мамандар акцияға қатысушыларға арнайы кеңес беріп, УЗИ сияқты аппараттардың көмегімен және өзге де тексеру шараларын жүргізеді.