Ұлттық медициналық холдинг Астананың жаңа университетінің бір бөлігіне айналды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Университеттің даму стратегиясына сәйкес, «Астананың жаңа университеті» АҚ-ын басқару компаниясынан біртіндеп ұлттық ғылым-білім кешеніне ауыстыру көзделгендігі бұдан бұрын айтылған болатын. Дегенмен, соның ішінде оқу орнында Ұлттық медициналық холдинг базасында медициналық ғылыми-кешенді құру туралы ақпарат бүгін алғаш рет жария етілді.
«Жақында Елбасының және Үкіметтің ұйғарымымен Ұлттық медициналық холдингтің құрамындағы клиникалар мен орталықтар Астананың жаңа университетінің бір бөлігіне айналды. Енді холдинг пен университет алдында ықпалдасқан, академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру мақсаты тұр. Бұл біздің аймақ үшін теңдесі жоқ құбылыс болып табылады. Бұл жүйенің түпкі негізінде білім беру саласының, ғылымның және медициналық тәжірибенің тоғыстырылуы қадамдарын көреміз», дейді А. Шарман.
Оның айтуынша, бұл қадам - Қазақстандағы жалпы медицинаның сала ретінде дамуына және медициналық қызметтердің сапасын жоғарылататуға сөзсіз пайдасын береді.
Сонымен қатар ЖОО құрамында Президент атындағы университет, әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтар мен эндаумент-қоры болмақ.