Ұлттық медициналық холдинг дәрігерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге жыл сайын 180-200 миллион теңге жұмсайды

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық медициналық холдинг былтыр 28,5 мың сырқатты емдеп, 300 мыңнан астам адамға диагностикалық-амбулаторлық қызмет көрсетті. Бұл бүгін Алматыда денсаулық сақтау саласының ХҮШ халықаралық «KIHE-2011» көрмесінде айтылды.

Ұлттық медициналық холдинг дәрігерлердің кәсіби  біліктілігін көтеруге жыл сайын 180-200 миллион теңге жұмсайды

«Ұлттық медициналық холдинг Назарбаев университетінің бір бөлігі. Былтыр бізде қызметтердің 85 пайызы кепілдендірілген мемлекеттік тегін медициналық қызметтер бойынша көрсетілді. Олардың 60 пайызын аймақтардың тұрғындары құрады», - дейді «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның Басқарма төрағасы Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, ұлттық медициналық холдинг жыл сайын дәрігерлердің біліктілігін көтеруге 180-200 миллион теңге жұмсайды. Оған Қазақстанның түрлі аймақтарынан 2500-ге жуық дәрігер өз біліктілігін көтеріп, 100 дәрігер шет елге жіберіледі. Жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға өткен жылы олар 600 миллионнан астам теңге инвестициялаған еді. Биыл оған 5 миллиард теңге, ал мамандарды оқытуға 180 миллион теңге бөлінбек.