Ұлттық медициналық холдинг клиникаларында «Болашақ госпиталі» аясында зерттеу жұмыстары қолға алына бастады - Е.Біртанов
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 7 желтоқсанында «Назарбаев Университетінде» Қазақстан Республикасының Президентінің білім және ғылым саласына байланысты өткізген дәрісі - отандық білім беру және ғылым саласы үшін айтулы оқиға.
Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде саланың дамуына кеңінен тоқталды.
Өз пікірінде «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Елжан Біртанов осылай деп мәлім етті.
«Бүгінде мемлекетіміз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін ауқымды жұмыстар атқаруда. Оның басы индустриялық- инновациялық экономиканы дамытудан басталды. Алдағы он жылдықта Қазақстан қоғамның дамуына басым бағыт береді. Осы мақсатта ғылыми-техникалық базаны дамытып, адамның даму капиталына да айрықша күш салады», - делінген пікірде.
«Мемлекет басшысының белсенді жұмысының арқасында аталған шаруалардың алғашқы шарттары жасалып та үлгерілді. Оның дәлелі Астана қаласында Тұңғыш Президент есімімен аталатын Университтің ашылуы», - дейді Е.Біртанов.
Ол жуық арада жоғары санаттағы мамандар мен қамтамасыз етілген бәсекеге қабілетті білім ордасы болады. Университет түлектері мемлекеттің алдағы уақыты мен беделі мен үлкен күшіне айналмақ.
Бүгінде Мемлекет басшысы жоғары оқу орнынан үлкен үміт күтіп отыр. Сонымен қатар осы жылы Ұлттық медициналық холдингтің Университет құрамына кіруі қосымша жауапкершіліктер жүктеді.
2011 жылы «Назарбаев Университетінің» жанындағы ғылым мен өмірді зерттеу орталығының құрылысы аяқталады. Өз сөзінде Елбасы зерттеу жұмыстарының тыңғылықты атқарылуын айтты. Бүгінде холдингте «Болашақ госпиталі» аясында зерттеу жұмыстарының алғы шаруалары қолға алына бастады. Сонымен қатар Медицина мектебінің студенттеріне шетелдік мамандар мен бірлесе жұмыс атқаруына да үлкен мүмкіндіктер туды. Холдинг зерттеудің ғылыми клиникалық базасы болады.
Елбасының басты мақсаты ел тұрғындарының денсаулығын жақсартып, 21 ғасырдағы бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру.