Ұлттық медициналық холдинг және Vamed компаниясы: ауруханалық менеджменттегі әріптестіктің стратегиялық келешегі

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада Ұлттық медициналық холдинг пен австриялық VAMED компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын жүзеге асыру ауқымында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасындағы ауруханалық басқаруға қызмет көрсету жөніндегі келісімге қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Келісімнің мерзімі ? екі жыл тоғыз ай, австриялық тарап тиімді менеджментті, халықаралық сапа стандарттарын енгізу және сырқаттардың қауіпсіздігін, сондай-ақ, Орталықты халықаралық аккредитациялауды жүзеге асыруды міндетіне алып отыр. Орталықтың шет ел компаниясының басқаруына өткен мезгілі шартты күн саналады, өйткені, Мемлекет басшысы осыдан тура бір жыл бұрын 2008 жылғы наурыздың 12-де тапсырма берген болатын. Шетелдік компания басқаруына таңдаудың Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына түскен себебі, аталған Орталық қызметінің оң бағалануымен және осы мекемеге шоғырланған жоғары білікті мамандардың сіңірген қызметіне де негізделіп отыр. Шетелдік басқарушы компанияның келуі, сенімді басқаруға Орталықтың мүлкін тапсыруды білдірмейді және жаппай жұмыстан босату да, штатты қысқарту, сонымен қатар, қызметтік пәтерден қуу да орын алмайды, өйткені, Холдинг басшысы әлеуметтік жауапкершілікті де және әлемдік қаржы дағдарысының ағымдағы жағдайын да жақсы түсінеді. Қазақстанға дүние жүзіне танымал VAMED компаниясының келуі Ана мен бала орталығының жақсы дамып келе жатқандығын көрсетеді және Қазақстанда және шетелдерде еңбектен қол үзбей оқу, біліктілікті арттыру, сондай-ақ, лайықты жалақы алу жөнінде медициналық қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктің пайда болғанын білдіреді. Негізгі мақсат ? медициналық кадрлар дайындаудың жаңа стандарттарын салу.Ертең Астанадағы Rixox қонақүйінде «Ұлттық медициналық холдинг және Vamed компаниясы: ауруханалық менеджменттегі әріптестіктің стратегиялық келешегі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтпек.
Соңғы жаңалықтар