13:03, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Ұлттық медициналық холдингі» басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат – Астанада өткен «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мәжілісінде Бексұлтан Тұтқышев холдингтің басқарма төрағасының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа холдингтің баспасөз қызметінен.
Бексұлтан Серікбайұлы Тұтқышев 1948 жылы Қостанайда туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын травматолог-дәрігер болып бастаған. Қостанайда «Денсаулық» медициналық сақтандыру компаниясының директоры, Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет еткен. 1995 жылдың желтоқсан айынан бері Б.Тұтқышев Парламент Сенатының бірінші, екінші және үшінші шақырылымдағы депутаты - «Отбасы» депутаттық тобының жетекшісі болды. «Құрмет» орденімен марапатталған.