Ұлттық мереке күні Маңғыстауда 51 сәби өмірге келді

Ұлттық мереке күні Маңғыстауда 51 сәби өмірге келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 25 қазан - Республика күні 51 сәби өмірге келді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Ана мен бала орталығы директорының орынбасары Роза Баданова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мереке күні Маңғыстау облысы бойынща 51 бала өмірге келді. Оның 27-сі қыз бала болса, 24-і ұл», - дейді ол.

Роза Әбілқайырқызы аналардың енді бұл күнді қос мереке ретінде тойлайтынына қуанышты екендіктерін жеткізді.