Ұлттық мұрағат

Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын бүкілхалықтық талқылауына арналған құжаттары және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 30 тамыздағы мемлекетіміздің Негізгі Заңын қабылдауына байланысты республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметінің құжаттары көрмемен танысушылардың орасан зор қызығушылығын туғызып отыр.
Сонымен қатар, көрмеде Конституциялық құқық салаларына жататын және 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шыққан Мемлекеттік Негізгі Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құжаттар мен материалдар да орналастырылған.
Тамыздың 10-ы мен қыркүйектің 30-ы аралығында өтетін көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті мұрағаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорларынан іріктеліп алынған 200-ден астам құжаттар мен материалдар қойылған.