Ұлттық музей қызметкерлері наурыз мерекесінде дастархан жайып, төл мәдениетімізді насихаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Наурыз - береке бастауы» атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметінен.

Ұлттық музей қызметкерлері наурыз мерекесінде дастархан жайып, төл мәдениетімізді насихаттайды

Шара шеңберінде «Қауышу» рәсімі жасалып, қонақтарға арнайы музейге экскурсия ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары - Зухра Саяпова, Мейрам Бегентаев, Мұрат Ахмадиев, Розақұл Халмұрадов, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет және өнер істері комитетінің төрайымы Ақтоты Райымқұлова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев сынды белгілі азаматтар қатысады. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар үндеу жариялайды. Сол арқылы «Біз біргеміз! Мы вместе!» акциясын қолға алып, мейрам күндері көршілерді, әріптестерді мерекелік дастарханға шақырып, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды ұсынады.