Ұлттық музейде Грациано Аричидің «Венеция. Әлемдік мәдениеттегі тұлғалар» халықаралық көрмесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде сәуірдің 27 күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Италияның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Грациано Аричидің «Венеция. Әлемдік мәдениеттегі тұлғалар» халықаралық көрмесі ашылады, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Ұлттық музейде Грациано Аричидің «Венеция. Әлемдік мәдениеттегі тұлғалар» халықаралық көрмесі ашылады

«Венеция. Әлемдік мәдениеттегі тұлғалар» көрмесі Аричидің туған қаласына арналған. Көрме авторды фотограф және сурет коллекционері қырынан көрсететін екі бөлімнен тұрады. Көп жылдық еңбегінің нәтижесінде Аричиде Венецияда болған ең атақты суретшілердің, сәулетшілердің тұтастай портреттік галереясы жиналды. Оның суреттерінің кейіпкерлері - Йозеф Бойс және Харальд Зееман, Синди Шерман және Ребекка Хорн, Дэмиен Херст және Марк Куинн, Фрэнк Гери, Норман Фостер және Заха Хадид.
Венециялық Грациано Аричи - Италия мәдениетінің ең көрнекті суретші-документалисттерінің және мұрағатшыларының бірі. Венецияда 200 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан беделді Ateneo Veneto мәдениет қоғамына 2012 жылы сайланған алғашқы суретші. Аричидің суреттері мен репортаждары алдыңғы қатардағы халықаралық журналдарға жарияланып келеді. 1989 жылы Аричи Берлин қабырғасының құлатылғаны туралы фоторепортаж дайындады. 1994 жылы Шығыс Германияның ірі көркем өнер орталықтарында жүріп жатқан өзгерістерді жариялады. Ал 1995-1996 жылдары мәдениет пен кинематограф соғыс уақытында да өмір сүре беретінін дәлелдеп Босния және Хорватияға барды.
Грациано Аричи фотокөрмесі өнерді бағалаушылар үшін аса қызықты болмақ.