Ұлттық музейде «InDiGo» көркемсурет мектебі тәрбиеленушілерінің көрмесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде балалардың «InDiGo» көркемсурет мектебінің «Индиго түстес өмір» атты алғашқы көрмесінің ашылуы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрмеге көркемсурет студиясы шәкірттерінің кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер және мүсін бағыттарындағы туындылары қойылады. Оған 5-17 жас аралығындағы 150-ден астам оқушы қатысады.
Айта кетейік, балалардың «InDiGo» көркемсурет мектебі 2011 жылғы қыркүйекте құрылды. Осы уақыт аралығында студиядан 600-ден астам шәкірт оқыды және бүгінгі таңда 250-ге жуық шәкірт білім алуда. Студияның оқушылары бейнелеу өнері бойынша республикалық және халықаралық байқауларда жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Олардың арасында әлемдік беделді байқаулардың әртүрлі аталымдарындағы 70-тен астам жүлделі орындары, 200-ден астам финалға қатысушылардың грамоталары және қатысушы сертификаттары бар. Студия шәкірттерінің Қазақстанның және шетелдердің ең үздік оқу орындарына оқуға түсуі - бұл маңызды фактор саналатын студияның мақтанышы.
Студиядағы сабақтар балалардың жас ерекшеліктерін және шығармашылық дағдыларын ескеріп жасалған дербес бағдарлама бойынша жүргізіледі. Атақты суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері студияның шәкірттері үшін де, ұстаздары үшін де шеберлік сыныптарын өткізу, құнды тәжірбие алмасу үшін шақырылады.
Астана қаласының галереялары мен музейлеріне бірлесіп бару сынды көшпелі шаралар да ұйымдастырылады. Маусым айында балалар табиғатты салуды үйренетін, даладағы көріністерді бейнелеу тәсілдерін, табиғи түстерді, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, өсімдіктердің, жәндіктердің, жануарлардың, адамдардың құрылымын зерттейтін қала көшелеріндегі пленэр сынды жазғы тәжірбие өткізіледі. Ересек топта (12-17 жас) пленэлер көшпелі болып қаламыздың көрікті орындарында өтеді.