Ұлттық олимпиада комитетінің бас қосуында ұлттық олимпиада құрамасының жаңа жарғысы бекітілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің кезектен тыс съезі өтті.

Ұлттық олимпиада комитетінің бас қосуында ұлттық олимпиада құрамасының жаңа жарғысы бекітілді  (ФОТО)

Съезд қатысушылары Қазақстан ұлттық спорт федерациясының басшылары, елдің спорт қоғамының спортшылары мен өкілдері, сондай-ақ оған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.

Қатысушылар ҰОҚ жаңа редакциядағы жарғысы мен ұйымның басқару органы: Бас ассамблея мен Атқарушы комитеттің құрамын бекітті.

Атқарушы комитет құрамы 15 адамға, олардың өкілеттік мерзімі - төрт жылға қысқартылды.

Комиссия Олимпиадалық спорт түрі бойынша кемінде бес спортшыдан немесе төрт жыл ішінде алдыңғы Олимпиадаларға қатысқан спортшылардан тұрады, комиссияның өкілеттік мерзімі - 4 жыл.

Съезд аясында Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларының шеруге киетін киімі таныстырылды.

Киім дизайнында құрамына олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті өкілдері, тәуелсіз дизайнерлер Ольга Станишевская, Эльвира Нарибаева кіретін комиссия мүшелерінің ескертулері мен толықтырулары ескерілді.
null null null null null null null null