Ұлттық өнерді экзотикаға айналдырмау керек - «Мұрагер» продюсерлік орталығының директоры
Ы. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз әлемдік өркениеттегі өз орнымызды табу үшін ең алдымен ұлттық мәдениет пен өнердің өрісін кеңейтуіміз керек. Бұл мәселе Елбасының халықпен тікелей желі арқылы тілдесуі кезінде де сөз болды,
дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген «Мұрагер» продюсерлік орталығының директоры Ералхан Әбішев.
Елбасы сұхбат кезінде АҚШ-та театрлардың жекеменшіктің қолында екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанда қазіргі таңда 60-қа жуық театр бар екенін, олардың осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан қаржыландырылатын және бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
«Жалпы ұлттық өнерді ұлықтауда мемлекеттің ролі өте жоғары. Алайда Үкімет оны әлі де өз қолына толықтай алған жоқ. 15 миллион қазақстандықтың 2 миллионы ғана ұлттық музыканы тыңдайды. Ал шетелдіктер оған экзотика ретінде ғана қарайды. Бізде әнші көп болғанымен, сұраныс аз. Сондықтан үкімет ең алдымен мемлекеттік тілді дамытуға көбірек көңіл бөлу керек. Тіл дамыса, мәдениет те, өнер де өркендейді», дейді продюсер.