Ұлттық паралимпиадалық комитеттің жаңа бас хатшысы сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық паралимпиадалық комитет» ҚБ атқарушы комитетінің кезекті отырысы болып өтті, онла ҰПК-нің президенті Қайрат Боранбаев ұжымға ҰПК-нің жаңа бас хатшысы Диас Сүлейменовті ресми түрде таныстырып өтті.
Қайрат Боранбаев Диас Сүлейменовті жаңа тағайындалуымен құттықтады. Сондай-ақ ол ұлттық паралимпиадалық комитеттің Рио-де-Жанейродағы паралимпиадалық ойындар алдындағы міндеттерін белгілеп, барлық қызметкерлерге жұмыста табыс тіледі, деп хабарлады ҰПК-нің баспасөз қызметінен.
ҰПК-нің президенті Диас Сүлейменовтің спортты дамытуда жұмыстың үлкен тәжірибесіне ие екенін атап өтті. Қазіргі уақытта ол елордалық бокс федерациясын басқаруда, жоғары жетістіктер спортын дамыту мәселелерімен жақсы таныс, бұдан басқа Диас Сүлейменов «Қамқор Менеджмент» ЖШС көпсалалы холдингінің бас директоры болып табылады.
Кеңейтілген отырыстың барысында сондай-ақ Қазақстанда халықаралық стандарттар бойынша бірінші паралимпиадалық жаттығу орталығын құру, «Футбол 7х7» сияқты жаңа спорт түрлерін дамыту мәселелері қарастырылды, бұдан басқа, ұлттық паралимпиадалық комитеттің жалпы алғанда қаржылық жағдайы талқыланды.
Кеңесте қазақстандық паралимпиадалық спорт үшін жағымды жаңалықпен ҰПК-нің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов бөлісті - біз 2016 жылы Риодағы Паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін бірінші жолдама алдық.
