Ұлттық рухтың біртұтастығы, орнықтылығы және халықтың болашаққа деген сенімі Астанада қалыптасады деп сенеміз - философ Серік Нұрмұратов

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Кез келген елдің астанасы бүгінгі таңда өзге қалаларға өнеркәсіптің шоғырлануымен емес, көбінесе рухани-әлеуметтік жағымен үлгі болуы керек. Бұл мәселе философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратовтың айтуынша, ҚР Президентінің «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» атты мақаласында жан-жақты көрініс тауып отыр.
None
None

«Бұл мақаланың басты ерекшелігі Астана қаласының 15 жылда жасаған қадамдары тек қана экономика саласына ғана емес, қоғамның барлық саласына ортақ екенін және оның елдің рухани орталығына айналғанын көрсеткенінде. Жалпы мемлекеттің ордасы ең алдымен адами капиталды дамыту жағынан үлгі болу керек. Осы миссияны Астана лайықты түрде орындауда деп есептеймін. Өйткені қазір ол ғылым және біліммен қатар өнердің де ордасына айналуда», - дейді Серік Есентайұлы. Ғалымның пайымдауынша, қазіргі таңда ел халқының жартысынан көбін қазақтар құрап отыр. Жастардың 70 пайызы қазақ тілді. Сондықтан мемлекеттік тілді жүзеге асыруда Астана өзгелерге үлгі көрсетуге тиісті. Оған қазір оң қадамдар жасалып жатыр. Осындай дәрежеге жетіп жатса, Астана қазақтың рухын, ұлттың рухын көтеретін қалаға айналады. Оның бірнеше себебі бар. Бірінші, Астана жай ғана шенеуніктердің қаласы емес, рухани бағытта жүрген Қазақстан зиялыларының орталығына айналып келе жатыр. Бұл қуанышты жағдай. Екінші, Астана шикізаттық қуат көздеріне арқа сүйейтін елдердің қатарынан балама энергетика көздерін іздеушіге бетбұруда. Осы әрекетімен жаңа өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылуда. Бұл құптарлық іс. Енді «Жасыл өлке», «Жасыл қала» бастамаларын басқа қалалар да іліп алып кету керек.

Соңғы жаңалықтар
Референдум