08:16, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Ұлттық санақ жайындағы мәліметтерді арнайы мамандардан білуге болады
АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда республикалық «Санақшымен таныс» акциясының аясында қала тұрғындарының аудандық статистика органдарының, аумақтық әкімшіліктің және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерімен кездесулері өтіп жатыр.
Олар Ұлттық санақ ? 2009 шарасының өтуіне қатысты сұрақтарға жауап беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Акция ақпанның 24-іне дейін жалғаспақ. Осы мерзім ішінде қала тұрғындарымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылады. Яғни, статистика органдарының мамандарына қажетті сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіндік туады.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, барлық азаматтар аталған мемлекеттік шараға баса назар аударулары және оның өту маңыздылығын ұғынулары қажет. Осындай кездесулерді Алматының барлық аудандарында өткізу жоспарланып отыр. Бұл халық санағы жайында тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстарының ең басты бағыттарының бірі болып табылады.