Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа ПТР-тестілеу жүргізбейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлттық сараптама орталығы» АҚ еліміздің 5 қаласында коронавирусқа ПТР-тестілеуді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықтың мәліметінше, коронавирус инфекциясын ПТР-тест әдісімен анықтау мемлекеттік тапсырысы бойынша жасалатын зерттеулердің көлемі өте көп болып отыр.

«Тест тапсырушылар қатарында науқастармен байланысқан адамдар, пациенттер, медқызметкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алуды уақытша тоқтататамыз» делінген орталық хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар