Ұлттық студенттер лигасының алғашқы чемпионы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Астан-Арена» стадионында футболдан Ұлттық студенттер лигасының «Күз-2014» маусымының финалдық кезеңі өтті.
Жарыстың басты жүлдесі - Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы мен УЕФА суперкубогының финалдарына жолдама.
Астанадан финалдық кезеңге Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық унииверситеті, Қаржы полиция академиясы мен Назарбаев университеті шыққан болатын. Ақтық бәсекеде бірінші орын үшін Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ойнады. 3:0 есебiмен басым түскен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетi студенттер лигасының алғашқы чемпионатында жеңiске жеттi.