Ұлттық тағамдар аспаздар фестивалінде ұсынылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада "Аспаздар шеберлерінің ұсталығы - сүйікті қалаға" атты аспаздық фестивалі өтіп жатыр. Аталған шара ертең де жалғасын табады.
Аспаздар фестивалінің мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызмет көрсету сапасын арттыру, мейрамхана аспазшыларының шеберлігімен таныстыру.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль барысында ұлттық тағамдардың мол түрі ұсынылады, деп хабарлайды astana.kz.