Ұлттық тарих ұлттық ерекшеліктер негізінде талдануы керек -ғалым Саттар Мәжитов
"ТМД елдері арасында тарих институттарының қауымдастығы бар. Сонда ұлттық тарихнама деген терминді барлығы мойындайды. Ұлттық тарихнамалар қалыптасып жатыр, оны естен шығармауымыз керек деп. Алайда ұлттық тарихнамамыздың қалыптасып жатқанын біз өзіміз мойындамаймыз. Ұлттық тарих деуге кейбіреудің дәті жетпей, Отандық тарих, Қазақстан тарихы деп жүр", - дейді Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, Ресей жаратылыстану ғылымдары және Халықаралық ақпараттандыру академияларының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Саттар Мәжитов.
Оның айтуынша, ұлттық тарих деген ұғым бізде сирек кездеседі. Сондықтан біз ұлттық тарихнаманың қалай қалыптасып келе жатқанына мән беруіміз керек. Ол ұлттық ерекшеліктер негізінде талдануы керек. Қазақ тарихы - ұлттың тарихы.