Ұлттық текстілеу мектептерде 2014-2015 жылдардан бастап өткізілетін болады

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Ұлттық текстілеу 2014-2015 жылдары бастауыш, негізгі және бейінді мектепті бітіргеннен кейін өткізілетін болады,
None
None

деп хабарлайды Pm.kz сайты Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«2015 жылға қарай жазбаша тапсырмаларды қосу арқылы оқушылар құзіреттілігін қалыптастыру деңгейін анықтауға бағытталған тест тапсырмаларының базасы құрылатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2014-2015 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізілмек.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бастауыш мектепте ұлттық тестілеу оқушының жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында таңдаумен жүргізіледі. Негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) оқу жолын ары қарай анықтау мақсатында, бейінді мектепте - алынған білім мен тәжірибе деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін болады.

«Әлемнің көптеген мемлекеттерінде (Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Чехия, Польша) және кеңестік кеңістік елдерінің қатарында (Ресей, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Литва, Латвия) жалпы орта білім беру сапасын бағалау үшін ұлттық емтихандар формасында тәуелсіз сыртқы бақылау жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір елде оларды өткізу түрлерінің өз ерекшеліктері бар», - деп жазады ҚР Премьер-Министрінің сайты.

Жыл өткен сайын оқушылардың білімін сыртқы бағалау механизмі ретінде тестілеуді пайдаланатын елдер саны өсіп келеді. 1975 жылдан бастап Білім беру сапасын бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастық өз қызметін іске асыруда, 2007 жылы Қазақстан Республикасы оның қатысушы-мүшесі болды. Осы ұйым жұмысының негізгі мақсаты академиялық білім беруді бағалаумен, конференциялар мен жарияланымдар арқылы тәжірибе алмасу жолымен, сондай-ақ бағалау технологиясын жақсарту бойынша іс-шараларға қатысуға және оларды қатысушы елдердің білім беру құрылымдарына енгізумен айналысатын ұйымдар арасындағы байланыстарды жақсарту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар