Ұлттық тестілеу орталығы конкурс нәтижесінің статистикалық мәліметтерінің жинағын шығарды
Аталған жинақта ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу тапсырып, білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысқан бітірушілер мен талапкерлердің нәтижелерінің сараптамасы облыстар пен аудандар бойынша келтірілген. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы бөлімінде өтініш қабылдау барысы туралы статистикалық деректер, әрбір облыстың білім грантының иегерлерінің саны туралы мәліметтер, күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша мамандықтардың өту балдары туралы, сонымен қатар бағыт бойынша қазақ және орыс бөлімдерінің мамандықтарына берілген өтініштер мен олардың өту балдары және басқа да мәліметтермен танысуға болады.
Кітап - мектеп мұғалімдері, облыстық (қалалық) білім басқармаларының мамандары, жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, сонымен қатар мектеп бітірушілер мен талапкерлер және олардың ата-аналарына арналған.
«2011 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың қорытындылары» жинағы қағаз және электрондық түпнұсқада шығарылды.