Ұлттық тестілеу орталығының директоры павлодарлықтарды биылғы өзгертулермен таныстырды

ПАВЛОДАР. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ұлттық тестілеу орталығының директоры Исатай Сағындықов Павлодардың білім беру саласының қызметкерлерін Ұлттық бірыңғай тестілеу процесіне енгізілген өзгертулермен таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Педагогтар тест сынағына берілетін уақытты 210 минутқа дейін ұзарту туралы хабарды қанағаттанарлықпен қабылдады, бұл 3,5 академиялық сағатты құрайды. Сонымен бірге, енді оқушыларға жоғары оқу орындарына түсу үшін 45 балдан аз жинамаулары керек. Ұлттық бірыңғай тест сынағын биыл алтын медальдан үміткер үздіктер де тапсыруы керек. «Математика бойынша тест сынағына калькулятор қолдануға бола ма?» деген сауалға педагогтар «жоқ» деген жауап алды. И.Сағындықов сондай-ақ, мемлекеттік гранттардың саны қысқармайтынын да хабарлады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниетті оқушылардан өтініштер наурыздың 10-ынан бастап қабылдана бастайды.
Соңғы жаңалықтар