Ұлттық ұланда регбиден республикалық турнир өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 25 жылдық мерекесіне орайластырылып регбиден республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
None
None

null   

Аталған дүбірлі доданы ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы ұйытқы болды. Жарысқа 6 команда және барлығы жүзге жуық спортшы қатысты. Айтсақ, олар - Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы «Оңтүстік», Оралдағы «Батыс», Қарағандыдағы «Орталық», Өскемендегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Петропавлдағы Әскери институтының және Астанадағы 5573 әскери бөлімінің құрама командалары қатысты.

null  

«Регби» ойыны Олимпиада ойындарының құрамына кіріп, күллі әлемде үлкен беделге ие болып тұр.

Доданың ашылу рәсіміне күш-қуат органдарының жетекшілері аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ республикалық спорт ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

null 

Жарыстың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасы бас жүлдені иеленіп, Ұлттық ұлан Бас қолбасшынының жеңімпаз кубогын иеленді. Ал екінші орын «Батыс» өңірлік қолбасшылығына бұйырса, қола жүлдені елордалық 5573 әскери бөлімінің регби командасы иеленді.

Ойынның үздік ойыншысы болып, 28237 әскери бөлімінің спортшысы сержант Дулат Сәлімбаев танылды.

null 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, сонымен қатар 28237 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Төлеген Абдрахимовқа және ойын судьясы Бағдат Молдахметке Ұлттық ұлан Бас қолбасшы атынан алғыс жарияланды. 

null 

Соңғы жаңалықтар