Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сотқа тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімі әскери полиция бөлімшесінің бастығы М.К. Битенов пен оған бағынышты капитан Р.А. Досалиевқа қатысты қылмысты қасақана жасырғаны және қорқыту жолымен пара алғаны үшін қозғалған қылмыстық іс Бас әскери прокуратурамен сотқа жолданды.Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
2014 жылдың 28 наурызында Ішкі істер министрлігінің Орталық аймақтық Әскери-тергеу басқармасымен қозғалған қылмыстық іс Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорларымен тергелді.
Тергеумен аталған лауазымды тұлғалардың әскери қызметші М.Ж. Ережеповке қатысты жасалған қылмыс туралы жазылған арызды көрсетпеу жолымен қасақана жасырғаны, сонымен қатар Досаевтың Ермекбаевтан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 180 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды. 03 маусымында айыпталушылар М.К. Битенов және Р.А. Досалиев сотқа тартылды. Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотына қарау үшін жолданды.