Ұлттық Ұланның құрылғанына 23 жыл толды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің 11 аймағында орналасқан Ұлттық Ұлан бөлімдерінде ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Еліміз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін небәрі 26 күннен соң мемлекетіміздің алғашқы қарулы органы ретінде Ішкі әскер құрылған болатын. Қазір ол қайта құрылымдалды. Мереке аясында мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын күзететін қарулы құрылым сапы жаңа сарбаздармен толықты. Астана қаласындағы 36/60 әскери бөлімінің жеке құрамын 45 отан қорғаушы толықтырды. Барлығы - Алматы облысынан келген жас жауынгерлер. Ал жалпы Астана гарнизоны бойынша мыңнан аса жас сарбаз әскери қызметіне кірісті. - Отанға, елге, Елбасына, өзінің еңбегіне, әскери өміріне деген адал қызметін атқаруға өздерінің антын берді. Бұл - ата-бабамыздан келе жатқан салт. Әрбір жауынгер өзінің еліне нағыз қорғаушы болу үшін ант қабылдау керек, - деді «3660» әскери бөлім командирі Марат Арынов.

Соңғы жаңалықтар