Ұлттық университетте Францияның КампюсФранс білім беру бағдарламасының менеджері Жак-Люк Ито-Пажеспен кездесу өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте Францияның КампюсФранс әлемдік білім беру жүйесі бағдарламасының менеджері Жак-Люк Ито-Пажеспен кездесу өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мақсатымыз - Қазақстанда жетекші ЖОО-ның бірі саналатын оқу орынның биология және ауыл шаруашылық саласымен тығыз байланыс орнату. Мұндай шаралар қазақстандық студенттердің Франциядағы жетекші ЖОО-да білім алуына және біліктіліктерін арттыруға жол ашады деген сенімдемін», деді КампюсФранс білім беру бағдарламасының менеджері Жак-Люк Ито-Пажес.

Ол сонымен қатар «Франция елінде жоғары білім алу туралы ақпарат орталығы саналатын - КампюсФранс Қазақстанда 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. КампюсФранстың әлем бойынша 89 елде бөлімшелері бар. Біздің елдің дипломдары 27 елде мойындалған, барлық стандартқа жауап береді», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар