Ұлттық валюта - теңгенің девальвациясынан кейін елдің банктер жүйесіне мемлекеттің бұрынғыдан да тығыздау араласу қажеттілігі туындап отыр- Марат Байтоқов
БІШКЕК. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Орталықазиялық диалог форматында өткізіліп отырған Бішкек халықаралық банктер конференциясына (BIBC) қатысқан Қазақстанның Банктер қауымдастығының бірінші вице-президенті Марат Байтоқов, жиналған қауымға ТМД, Еуропа және АҚШ елдерінің банкирлеріне банк дағдарысын еңсерудегі қазақстандық тәжірибені таныстырды.
М.Байтоқов өз сөзінде, Қазақстанда мемлекеттік резервтердің жұмылдырылғанын, капиталдың жеткіліктілігіне талаптар көтерілгенін және банктерге қаражаттарының бір бөлігін Қазақстанның Ұлттық банкінің корреспонденттік шоттарында резервілеуді міндеттеген бірқатар нормативтік актілердің енгізілгеніне тоқталып өтті.
Қазақстандық банкир атап көрсеткендей, ұлттық валюта - теңгенің девальвациясынан кейін елдің банктер жүйесіне мемлекеттің бұрынғыдан да тығыздау араласу қажеттілігі туындап отыр.