Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,0 теңге болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық қор биржасында (KASE) шетел валюталарының күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа бағамы 312,0 теңге болды. Сауда көлемі 258 млн 450 мың АҚШ долларын құрады.