Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бүгінгі бағамы қанша

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бүгінгі бағамы қанша

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 325,04 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 

83 100 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 351,30 теңгені құрады, ұсыным - бір еуроға 351,80 теңгені құрады.

Есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4723 теңгені құрады, сауда-саттық
көлемі 31 500 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 325,00 теңгені (+0,64 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 102 000 мың (+21 400 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +12,0000 % құрады, ұсыным - жылдық 7,0000 %.

USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +7,2356 % құрады, сауда-саттық көлемі 702 600 мың USD болды.

EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.