Ұлттық валютаның мерейтойы қарсаңында экранға ақша туралы мультфильм шығады

АСТАНА. 28 мамыр. Қазақпарат - Бүгін Алматыда төл теңгеміздің айналымға енгеніне 20 жыл толуына орай «Ақша тарихы» деп аталатын балаларға арналған кітаптың тұсаукесері өтті.
None
None

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚР ҰБ).

Іс-шара шеңберінде ҚР ҰБ іске асыратын осы секілді басқа да балаларға арналған жобалар таныстырылды, соның ішінде балаларға арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі танымдық-дамытушы телевизиялық бағдарлама; «Ұлан» және «Веселые ребята» балалар газеттерінде Сиқырлы Тиын және оның достарының бастан кешкендері топтамасымен қаржы тақырыбындағы қосымшалар; ұлттық валютаның мерейтойы қарсаңында шығатын мультипликациялық фильмнің жобасы бар.

Тұсаукесерге кітаптың авторы Оразақын Асқар, ҚР ҰБ бас дизайнері Меңдібай Алин, мультипликациялық фильмнің және «Қызықты қаржы» атты балаларға арналған бағдарламаның бас продюсері Лилия Файзуллина және ҚР Ұлттық банкі Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыс департаменті директорының орынбасары Ксения Қалиева қатысты.

Соңғы жаңалықтар