Ұлттық ядролық орталық ғалымдарының жұмысы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықпен атап өтілді
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының "Жетілдірілген эксперименттік ядролық-физикалық қондырғылары базасында ядролық және радиациялық физика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиациялық технологиялар кұру" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін авторлар тобы Елбасының 2009 жылғы қарашаның 9-ындағы Жарлығымен Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықпен атап өтілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Камалұлы Қадыржанов бастаған авторлық ұжымға: Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғадлет Андиянұлы Батырбеков, Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары Александр Николаевич Борисенко, Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әлнұр Дүйсебайұлы Дүйсебаев, Ұлттық ядролық орталығының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Рахметұлы Жотабаев, Ядролық физика институтының үдету кешені бөлімінің бас инженері Сергей Николаевич Лысухин, Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Олег Прокопьевич Максимкин, Ядролық физика институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Әділ Жианшахұлы Төлеуішев кіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының "Жетілдірілген эксперименттік ядролық-физикалық қондырғылары базасында ядролық және радиациялық физика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиациялық технологиялар кұру" жұмысы екі томнан тұрады.