Ұлты неміс Ирна әжей Наурыз мерекесін асыға күтеді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тұрғыны ұлты неміс Эгоф Ирна әжей Наурыз мерекесіне дайындалу үстінде. Ол жыл сайын Ұлыстың ұлы күнін ерекше қуанышпен қарсы алады.

Ұлты неміс Ирна әжей Наурыз мерекесін асыға күтеді - Қызылорда

Эгоф Ирна әжейдің айтуынша, ол Ұлыстың ұлы күнін ерекше күтеді. Бұл күні Ирна әжей дастарханын қазақтың ұлттық тағамымен толтырады. Тоқшылық пен ырыс-құттың белгісі саналатын наурыз көжені де аса дәмді етіп дайындайды. Бар жақсылық Наурыздан бастау алады дегенге сенетін Ирна әже Наурыз мерекесін жыл сайын балаларының ортасында тойлайды. Өмірдерегіне үңілсек, Ресей жерінде дүниеге келген Ирна әжей талай қиын заманды басынан өткерген. Қазақстанға келіп, қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, бақытын тапқан. Ол 4 ұл мен 5 қыздың ардақты анасы атанды. Бұл күнде 36 немере мен 28 шөберенің аяулы әжесі. «Менің тегім басқа болғынымен, жаным - қазақ. Наурыз мерекесі елдегі татулық пен бірліктің дәлелі, ырыс пен құттың бастауы», - дейді алтын құрсақты аяулы ана.