Ұлтымыздың зиялы қауымы жалпыұлттық құндылықтардың күшеюінде жетекші рөл атқаруы керек - Елбасы

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ұлтымыздың зиялы қауымы жалпыұлттық құндылықтардың күшеюінде жетекші рөл атқаруы керек. Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі салтанатына арналған жиында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Ұлтымыздың зиялы қауымы жалпыұлттық құндылықтардың күшеюінде жетекші рөл атқаруы керек - Елбасы

Елбасының айтуынша, бүгінгі таңда тек тарихқа кері бұрыла бермей, жаңа қаһармандарды да жасау қажет. «Міне, соларды біздің жастарымыз үлгі тұтатын болса игі», - деді Н. Әбішұлы. Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәуелсіздікті құрудың өзі ұлы әрі мәңгі өшпейтін тақырып екенін, еліміздің тарих үшін қысқа ғана мерзімде адымдап өсуі де, астананың салынуы да шығармаларға, туындыларға сұранып тұрғанын айтты. «Жаңа зауыттар мен фабрикалар салып, өз бақытын тауып, бақытты өмір кешіп жатқандардың өзі - бүгінгі қаһармандар. Неге бұлар біздің туындылардың, сахналардың, жырымыздың өзегіне айналмай отыр?», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.