«Ұлы дала бояулары» аталатын жаңа жоба қолға алынды

Бұл жаңа басылым жобасының авторы - «Алдоңғар» мәдениетті дамыту» қоғамдық қоры. Ол Атырау облысы туралы «Шежіре сағасы» және Жамбыл облысы туралы «Әлем айнасы» деп аталатын екі фотоальбоммен ашылмақ. Олар екі өңірдің табиғат сұлулығы мен мәдени ерекшелігін жаңа қырынан көрсетуімен ерекшенеді. Альбомды жасап шығару үшін жылдың түрлі маусымдарында заманауи фотографиялық құралдар қолданылып, әуеден суретке түсіру арқылы арнайы фотоэкспедициялар ұйымдастырылды.
«Қазақстанның әрбір өңірі - бұл табиғат пен мәдениеттің бірегей інжу-маржаны. Сондықтан біз оны сақтап, ұрпаққа мирас етіп қалдыруға міндеттіміз. «Ұлы дала бояулары» жобасы шеңберінде басып шығарылған фотоальбомдар оқырмандар арасында патриоттық мақтаныш, өз Отанына деген махаббат пен құрмет сезімін тудырады деп үміттенеміз», - дейді жоба директоры және белгілі мұнайшы Борис Шырдабаев. Оның айтуынша, бұл топтамаға Қазақстанның барлық облыстары туралы фотокітаптар кірмек. Ол еліміздің барлық өңірлері біріктірілген басылыммен аяқталады деп жоспарланып отыр.