«Ұлы Дала Елі» Румынияның басты телеарнасында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа телеарнасында көрсетілген деректі режиссерлік фильм Қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру тарихы, Егеменді Қазақстанның қалыптасуында Елбасының шешуші рөлін, Астананың белгілі халықаралық, атап айтқанда, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуі және АТОМ жобасы бастамалары туралы баяндайды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Ұлы Дала Елі» Румынияның басты телеарнасында

Фильмді TVR1 басты румын телеарнасының журналистері дайындаған. Фильмнің режиссері, румын теледидарының белгілі қайраткері Дана Дяк үлкен қызығушылықпен жобаны іске асырып, еліміз бен халқымыздың ұлағатты тарихы мен қазіргі кездегі жетістіктеріне қайран қалғандығын пайымдады.

Жобаның түсірілуі ағымдағы жылдың қазан айында Астана, Алматы, Тараз, Түркістан және Атырау қалаларында, Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің, қала әкімшіліктерінің, Қазақстан туристік ассоциациясының қолдаумен өтті.

Деректі фильмнің кең ауқымды аудиторияға көрсетілуі Ұлы Дала Еліне румын қоғамының арта түскен қызығушылығының нығаюына бағытталған.

Фильмнің көрсетілуі румындық ұлттық қоғамдық теледидарының бірінші TVR1 арнасында, сондай-ақ бір мезгілде Румынияның барлық аумағы мен өңірдегі бір топ елдерін қамтитын ұлттық медиа холдингінің кең ауқымды хабар тарату жүйесінің басқа арналарында да өтті.