«Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпазы сайлауға өзінің тұлпарымен барды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Ұлы дала жорығы» марафонында жеңіске жеткен «Көк мойнақ» командасының мүшесі Нұрсағын Тұқымбай сайлау учаскесіне өзінің тұлпарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпазы сайлауға өзінің тұлпарымен барды

«Бүгін – 20 қараша, сайлау күні. Дауыс беруге өзімнің тұлпарыммен аттанып бара жатқан жайым бар. Болашақ президентімізге сенім мол. Қазақстан гүлдене берсін, көркейе берсін. Ал мен таңдауымды жасауға бара жатырмын», - деді «Көк мойнақ» командасының мүшесі Нұрсағын Тұқымбай.

Нұрсағын Тұқымбай Маңғыстау ауданының Шетпе ауылындағы №169 учаскеде дауыс берді.