Ұлы даладағы құрылтайларды қазіргі парламентаризмнің бастау көзі деуге болады - Г. Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы даладағы құрылтайларды қазіргі парламентаризмнің бастау көзі деуге болады. Бүгін Астанада «Ұлы даладағы мемлекеттілік және парламентаризм» тақырыбында өткен халықаралық конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлімдеді.
None
None

Мемлекеттік хатшы Елбасы Н. Назарбаевтың Ұлы дала елі идеясына қатысты мәселеге назар бұрып, Президенттің де сөзін келтірді. «Н. Назарбаевтың Түркі мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен алқалы басқосуда айтқан сөзі тамыры бір, тарихы ортақ туыс халықтар үшін е маңызды. Ұлы дала ұғымының аясы кең, мазмұны терең, дәрежесі биік. Оның аясына бүкіл түркі әлемі сыйып кетеді», - деді Г. Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы Елбасының бастамасымен құрылған ТүркПа, Түріксой, Түркі академиясы секілді интеграциялық құрылымдардың түрк әлемінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол бүгінгі күні тұсауы кесілген «Мәңгі Тас» түркілік кешен ескерткішінің маңызына тоқтала келе, оның бауырлас халықтарды береке бірлікке шақыратын рәміз екенін атап өтті.

«Мәңгі Тасты» осыдан 14 ғасыр бұрын ұлы түркі билеушісі Құтлық қағанның орнатуы баршамызға мақтаныш, өнеге. Дала құрылтайына, хан кеңесіне жиналған іргелі тайпалар «Мәңгі Тасқа» бірлік пен достықты қастерлеуді ант етіп, өз таңбасын қашап қалдыруы бүгінге жеткен ұран. Осындай Ұлы даладағы құрылтайларда дала билері мен бектері, ел тыныштығы мен татулығын қамтамасыз ететін қуатты заңдар да бекіген. Бұл ұлы құрылтайларды қазіргі парламентаризмнің бастау көзі деуге болады. Көне түркілер мемлекеттің қарамағындағы халқын еркін деп атап, олардың құқығы мен бостандығын заң арқылы қамтамасыз еткені белгілі», - деді Мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар