«Ұлы даланың жеті қыры» - әлем өркениетін дамытуға бабалардың қосқан үлесі
«Елбасының мақаласын оқи отырып, еліміздің ұлы да жауапты кезеңде өмір сүріп отырғанына тағы бір рет көз жеткіземіз. Әл-Фараби, Қашқари, Ясауи секілді ғұламаларды әлем тарихы біледі. Біз құрлықтағы көптеген халықтың өміріне ықпал еткен жауапты шешімдер қабылдаған бабалардың ұрпағымыз. Бұл мемлекетіміздің бұдан арғы саяси және мәдени дамуы үшін тиянақты әрі терең қайта таразылауды қажет етеді.
Қазір, тәуелсіз Қазақстанда Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаев қабылдаған шаралар да ұлы ата-бабаларымыздың еңбегінің жалғасы, егеменді Қазақстан үшін, бүкіл әлем үшін баға жетпес мұра қалдырған Ұлы дала тарихының бір кезеңі болып отыр», - дейді Станислав Канкуров.
Оның атап өтуінше, Еуразияның қақ төсінде орналасқан біздің ел осы күнге бірден қол жеткізген жоқ. Бұл күндерге ата-бабаларымыздың қаны, маңдай тері жеткізді. Оны мақтан ете отырып, жан-тәнімізбен қорғаймыз.
«Біздің бай мәдени мұрамыз осы мемлекет азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастырып, дамуына ықпал етуі тиіс. Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрған елімізді ата-бабаларымыз әрқашан қорғап, өркендеткенін, әлемге көшпенділер өркениетінің бүкіл жетістіктерін бергенін түсініп, сезінудің өзі мақтану құқығын берумен қатар, үлкен жауапкершілік те жүктейді», - дейді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
«Бұл, әсіресе, бізге, жас ұрпаққа тиісті, - дейді ол. - Соңғы кездері әлемде діни-моральдық және әлеуметтік-адамгершілік құндылықтардың күйреп жатыр.
«Жастар тарихқа қызығудан қалып, шежіре ұмытылып барады. Сондықтан да Елбасының бағдарламалық мақаласы аса маңызды әрі дер кезінде жарияланып отыр. Бүгінде біздің балаларымыз өздерін бізге ұлан-ғайыр жерді мұра етіп қалдырған адамдардың ұрпағы ретінде, «зор мәдени жетістіктер шоғыры осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралғанын» сезінуі маңызды. Бұл біздің келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз әрі ортақ борышымыз», - деп түйді Станислав Канкуров.