Ұлы ерлікті есте сақтау - әркімнің қасиетті борышы, тарихи мұраларымызға құрметіміздің көрінісі - Қ. Мәми

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өзінің Интернеттегі жеке парақшасы арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және барлық азаматтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
None
None

«Ұлы ерлікті есте сақтау - әркімнің қасиетті борышы, тарихи мұраларымыз бен рухани құндылықтарға құрметіміздің көрінісі. Бұл күні біздің еліміз Отан үшін от кешкен, ауыр шайқастарда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді, жеңімпаз аға-әпкелерімізді, соғыс уақытында тылда еңбек еткен еңбеккерлерді құрметпен еске алады. Барша отандастарыма зор денсаулық, игілік және ашық аспан тілеймін. Жеңімпаз - батырлардың даңқы арта берсін!», - деп жазады Сенат спикері.

Соңғы жаңалықтар