Ұлы Қытай қорғаны 2,5 есе ұзын болып шықты
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Ұлы Қытай қорғанының нақтыланған ұзындығы бұрынғы есептеліп жүргендегіден әлдеқайда ұзын болып шықты.
Ең соңғы өлшеулер бойынша қорғанның ұзындығы 211,196 мың шақырымды құрады, деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі.
2009 жылы жарияланған зерттеулердің алдын ала нәтижесі 8,85 мың шақырымды көрсеткен, яғни қазіргіден 2,5 қысқа болған еді.
Жер үстіндегі ең ірі қорған Қытайдың солтүстік шекараларын қорғау үшін тұрғызылған еді.
Ол біздің жыл санауымыздан 500 жыл бұрын салына бастады. Қорғанның 8,2 пайызы ғана жақсы сақталған, қалған телімдері қараусыз қалған.
Ұлы Қытай қорғаны 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар нысандарының тізіміне енгізілді.